Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік продюсер Бари Алибасов 68 жасында екінші рет ұлды болды

Өнер тарланының жас әйелі Виктория Максимова шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелді. Ал Бари Каримович бұған дейін бес рет үйленген еді. Вика ұзақ уақыт бойы продюсердің қарамағында жұмыс істеген. Сосын екеуінің қарым-қатынасы махаббатқа ұласып кетті.

image

Бұл туралы tvnet.lv ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Бари Алибасов бұған дейін тек бірінші әйелінен ғана баласы болып еді. Айтқандай, өгей шешесінен жасы үлкен тұңғыш ұлы бұлардың үйленулеріне қарсы болған екен. Ол Виканы тек әкесінің ақшасына қызығады деп санап келіпті.

Алайда, бұл жұптың бірге тұрып жатқандарына талай жыл өтті. Ал орталарында ұлдың дүниеге келуі шаңырақтарының берік екенін көрсетсе керек.

Семейден шыққан татар жігіті Бари жаңа туған ұлына Иван деген ат берді.

 

Талқылау