Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік компания Қазақстандағы үш жылу электр орталығының құрылысын қашан бастайды

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бүгін үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ресейліктер Қазақстанда үш жылу электр орталығын салу жұмыстары қандай кезеңде екені айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көмір жылу электр орталықтары Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында "Интер-РАО" ресейлік әріптестерімен бірлесіп салынуға тиіс.

"Көкшетау бойынша техникалық-экономикалық негіздемеге түзетулер енгізіліп жатыр. Яғни үлкен прогресс бар, құрылыс биыл басталуы мүмкін. Басқа жобалар бойынша техника-экономикалық негіздемені әзірлеу аяқталып, соның қорытындысына сәйкес техникалық шешімдер бекітіліп, тиісті зауыттардан жабдық алуға тапсырыс беріледі", – деді энергетика министрлігінің басшысы.

Бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда үш ЖЭО салатын ресейлік компанияны атады.

Құрылысты "Интер РАО" компаниялар тобы жүргізеді. Компанияның Еуропадағы бөлімшелерінің басшылары Путинмен байланысы болғандықтан санкцияға ұшыраған.

 

Талқылау