Ресейлік қазақ Тасболат Ибрашев Украинаға қарсы соғыста мерт болды
Әлемдік БАҚ-қа тараған әйгілі фотодағы ресейлік қазақ Тасболат Ибрашев 3 ақпанда Украинадағы соғыста қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kherson_news_info / Telegram
Журналист Виктор Шацких ресейлік қазақтың мерт болғанын мәлімдеді.
2008 жылдың тамызында қарулы сарбаздың Гори қаласының шетіндегі грузин әскери колоннасының алдында тұрған сәті түсірілген. Оны алғашында бурятиялық әскери қызметкер деп ойлады, бірақ 2019 жылы оның Тасболат Ибрашев екені белгілі болды. Ол кезде 58-Ресей әскерінде келісімшарт бойынша қызмет еткен.
Тасболат Ибрашев 1984 жылы 16 қаңтарда Атырау облысы, Аққыстау ауылында дүниеге келген. 1986 жылы оның отбасы Астраханға көшіп келді.
2008 жылғы сол оқиғадан кейін Қазақстанда ол туралы көп жазылды. 2020 жылдың қаңтарында ол Атырауға келді, тіпті жергілікті университет онымен студенттер үшін кездесу ұйымдастырды.
Украинадағы соғысқа дейін Ибрашев Астраханьда тұрып, еңбек етті. 2023 жылдың қыркүйегінде ол өз еркімен Ресей әскерімен келісімшартқа отырып, Украинаға қарсы соғысуға аттанды.