Ресейлік блогер бассейнде босанып, сәбиі шетінеп кетті

Фото: Айша Чигга Instagram-парақшасы
Ресейлік блогер үйде босанбақ болып, нәрестесін өлтіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үйде босанудың қайғылы оқиғасы желіде дау тудырды. 112 ақпарат агенттігінің хабарлауынша, үрлемелі бассейнде босанған әйел танымал ресейлік блогер болған.
Шамамен 1,4 миллион оқырманы бар TikTok белсендісі Айша Чигга үйде босанып көрмек болды. Өкінішке қарай, жаңа туған нәресте босанғаннан кейін шетінеп кетті. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп, құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.
Желі қолданушылардың кейбірі көңіл айтуда, ал басқалары үйде босанудың қаупін талқылап, блогердің жүктілік пен босануға деген көзқарасын сынға алды.
Сарапшылар медициналық мекемеден тыс жерде босану әрқашан ана мен бала үшін жоғары қауіп төндіретінін атап өтеді. Мұндай жағдайларда мамандарды шақырту және жедел медициналық көмек көрсету маңызды.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды