Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік бапкер төрешілер Левитке қатысты әділетсіздік жасағанын айтты

Ресей құрамасының бапкері Эдуард Кравцов спортшылар мен бапкерлердің еңбегін дұрыс бағалау қажет екенін айтты. Бапкер  Левит пен Тищенко жекпе-жегінде қалыптасқан жағдай жалпы әуесқойлар боксына абырой әпермейтінін жеткізді.

ресейлік-бапкер

Бұл туралы  Vesti.kz жазды.

«Не айтуға болады, жекпе-жекте кімнің жеңгенін бәрі көрді! Мен өзім бокста, спорта әділ төрелікті қалаймын. Сондықтан бапкерлер мен спортшылардың еңбегі тиісті деңгейде бағалануы қажет деп санаймын! Біз, бапкерлер, «станоктың» қасында тұрған адамбыз. Сол себепті Василий мен оның бапкерлеріне, жалпы бүкіл бокс жайында «әттеген-айдан» басқа ештеңе айта алмаймын! Өйткені рингте болып жатқан бұндай жағымсыз  жағдайлар біздің спортымызға абырой әкелмейді. Өкінішке қарай, бұл Олимпиадада болған жалғыз жекпе-жек емес. Оны бір реттік оқиға емес, үдеріс деп атау қажет. Әрине, біздің боксшымыз да рингке жеңіске жету үшін шықты. Соның қолын көтерсе, боксшының кінәсі жоқ. Қайтеміз, төрешінің бергенін алдық…», – деді Кравцов.

Ал танымал ресейлік промоутер Владимир Хрюнов қазақстандық боксшы Василий Левиттің шеберлігін жоғары бағалап, оған Вэл Баркер кубогын беру керек деп санайды. Оның сөзіне қарағанда, Левит кәсіби боксқа ауысуға толығымен дайын.

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан XXXI Олимпиада ойындарында бокстан 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Василий Левит финалда ресейлік Евгений Тищенкодан ұтылды. Жекпе-жекке баға берген үш төрешінің бәрі де Тищенконың жеңісін қолдады.

Алайда рефери Тищенконың қолын көтергенде, залда жиналған жанкүйерлердің бәрі ысқырып, төрешілердің шешіміне өз наразылықтарын білдірді. Левиттің өзі жеңісіне сенімді болды. Алайда төрешілер басқаша шешті. Содан болар, салтанатты марапаттау рәсімінен кейін Левит күміс медалін мойнына тағып жүрместе, бірден қалтасына салып алды.

 

Талқылау