Ресейлік әзілкештер Денис Дорохов пен Азамат Мұсағалиев Украинаның оккупацияланған жерлеріне барды
Ресейлік әзілкештер Денис Дорохов пен Азамат Мұсағалиев Украинаның оккупацияланған жерлеріне барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NEXTA Live телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Comedy Club әзілкештері осы сапар арқылы Ресей әскерлеріне қолдау білдірді.
“Бұл жер шынымен көңіл елжіретеді. Біз бұл жерлерлердің тарихы туралы көп ақпарат естідік. Шынымды айтсам, оқиғаларды естіген кезде денем түршікті”, – дейді әзілкеш Денис Дорохов бейнежазбада.
Сонымен қатар, бейнежазбада әзілкештер Донбасс тұрғындарына жылы лебіздерін айтып, бейбітшілік тілейді.
Айта кетейік, құрамында дәл осы Денис Дорохов пен Азамат Мұсағалиев өнер көрсететін “Камызяки” ұжымының қазан айында Қазақстанның Алматы, Астана, Шымкент қалаларында бірнеше концерті жоспарланған.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты