Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейге Қазақстаннан тасымалданған қызанақтардан вирус анықталды

2022 жылғы 11 қарашада Россельхознадзордың Орынбор облысы бойынша басқармасы "Сагарчин" фитосанитарлық бақылау бекетінде Қазақстаннан Ресей аймағына тасымалданған 31 тонна қызанақтан вирус анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Россельхознадзор” порталына сілтеме жасап.

Карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде Қазақстаннан шыққан жаңа піскен қызанақтардың 31 тонналық екі партиясынан Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жоқ  зиянкес қызанақ қоңыр түсті жеміс вирусы (Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) анықталды.

Россельхознадзордың Орынбор анықтамалық орталығының мамандары карантиндік вирустың өміршең күйде екенін растады.

Ресейдің карантиндік заңнамасының талаптарына сәйкес осы қызанақтың екі партиясын әкелуге тыйым салынды. Кінәлілер Ресейдің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 10.2-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.



2022 жылдың басынан өнімдерді уақытша сақтау қоймалары мен фитосанитарлық бақылау бекеттерінде жүргізілген тексерулер нәтижесінде 41 жағдайда карантиндік объектілердің 11 түрінен вирустар анықталды. Онда шабдалы, картоп көбелегі, оңтүстік америкалық қызанақ көбелегі, гүлді трипс, қоңыр монилиоз шірігі, комсток шірік, қауын шыбыны тағы басқалары анықталған.

Талқылау