Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдің экс-президенті Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты әзілдеді

Ресейдің премьер-министр Дмитрий Медведев Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы кезінде Алматыда болған жер сілкінісіне қатысты әзілдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Біз жағымды ортада, өздеріңіз білетіндей, жер сілкінісі жағдайында жақсы жұмыс атқардық. Бұл уақытта Беларусия Республикасының министрлер кеңесінің №666 қаулысына қатысты мәселелерді қарастырған едік. Бұл түрлі ой салады екен. Десе де аман-есен барлық мәселені қарастырып, барлық шешімді қабылдап, барлық шешімге қол қойдық.

Айта кетсек, жұма күні Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста Еуразиялық экономикалық одақ мүшелік ететін мемлекеттердің басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының өкілі Тигран Саркисян бас қосты.

Оқи отырыңыз:

Алматыда бас қосқан ел премьерлері электронды ақшаның болашағына қатысты келіспей қалды

Путин Назарбаевтың көмекшісін орденмен марапаттады

Депутаттар Мәжіліс отырысында Денсаулық сақтау министрін “аспаннан жерге түсірді”

Мемлекеттік грантта оқыған дәрігерлер ауылда еңбек етуге міндеттелуі мүмкін

Талқылау