Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейден Қазақстанға әскери мақсаттағы қозғалтқыштарды заңсыз әкетпек болғандар ұсталды

ФҚҚ РесейФото: Freepik.com

Қорған облысында күштік құрылымдар Ресейден әскери техникада қолданылуы мүмкін дизельді қозғалтқыштарды заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “ТАССқа” сілтеме жасап хабарла”ды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Мәскеу облысының кәсіпкері делдал арқылы Қорған облысынан тоғыз дизельді қозғалтқыш сатып алып, оларды Қазақстанға жөнелтуге әрекеттенген. Техникалық сипаттамалары бойынша бұл қозғалтқыштар экспорттық бақылауға жататын өнім санатына кіреді. Алайда жөнелтуші оларды әкетуге лицензия алмаған және декларацияда жалған мәлімет көрсеткен.

Қозғалтқыштар “Петухово” халықаралық өткізу бекетінде тәркіленді. Іс бойынша Орал кеден басқармасына қарасты Түмен кеденінде Ресей Қылмыстық кодексінің 226.1-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл бап қосарлы мақсаттағы тауарлар контрабандасына қатысты және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 26 Ақпан, 2026 17:29