Ресейден асырап алынған америкалық бала секс-құлдыққа салынған
23 жастағы АҚШ Тұрғыны Денис Флинн өзін 14 жыл бұрын асырап алған ата-анасын сотқа берді. Ол өзін “секс-құлдыққа” салғандықтан шағымданып отырғанын айтқан.
merkurynews.com
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Флиннің айтуынша, ол 15 жасқа толған кезде асырап алған ата-анасы Ральф пен Каролин Флиндер бұған жыныстық көзқарас танытып, қинай бастаған. Олардың зорлық әрекеттері 19 жасына дейін созылыпты. Алғаш рет ол бұл туралы 2012 жылы психологқа хабарлаған, көп ұзамай хабар полицияға да түседі. Ол бастапқыда ата-анасына қарсы шығып, іс қозғағысы келмеген. Алайда 2015 жылы ол түбегейлі полицияға арыз беремін деп шешкен.
Қазір Ральф пен Каролин бірнеше жыныстық көзқарастары бойынша айыпталып отыр. Тұтқынға алынғаннан кейін 71 жастағы Ральф өз қылмысын мойындап, тіпті жазбаша түрде өзінің асырап алған ұлынан кешірім де сұраған. Ал оның 47 жастағы әйелі өзіне тағылған айыптармен келіспей отыр.
Талқылау