Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдегі ұшақ апаты: Ұшқыштар апат алдында ұрсысып қалған

Ресейде апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі тыңдалды. Онда борт ішінде болған дыбыстар жазылады. Ан-148 ұшағының ұшқыштары апат алдында ұрсысып қалған.

Бұл туралы “Коммерсантъ” газеті жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Дыбыс жазбасы қысқа болаған. Қатты зақымданған қара жәшіктегі дыбысты қалпына келтіру бірнеше күнді алған.

Жазбада ұшқыштар дисплейдің әр түрлі жылдамдық көрсеткішіне байланысты ұрсысып қалған.

Ұшақ шамамен 2 мың метр биіктікте тұрса, ұшқыштардың бірінің жылдамдық көрсеткіші 200 км / сағ, ал екіншісі нөлге тең болды. Ал, лайнердің нақты жылдамдығы қалыпты жағдайда 600 км / сағ шамасында болуы керек. Неге бұлай болғанын түсінбей, экипаж ұшақтың ұшып кету жылдамдығын төмендете бастаған, нәтижесінде ұшақ жерге түсіп кеткен.

Ұшар алдында қабылдағыштардың жылыту жүйесі сөніп қалған.

Сарапшылардың айтуынша, соның салдарынан жылдамдықты көрсететін құралдар дұрыс істемеген.

Еске сала кетейік, Домодедово әуежайынан шыққан Ан-148 ұшағы апатқа ұшыраған еді.  Онда 6-экипаж мүшесі, 65-жолаушы болған.

Тағы оқыңыз:

Іздеуде жүрген 29 жастағы үй күтушінің мәйіті мұздатқыштан табылды

Автобус жүргізушісі 50 адамды құтқарып өзі көз жұмды

Тележүргізуші бетіндегі жарасын 25 жыл көрерменнен жасырып келген (фото)

Ұшақ жолаушысы ішіне жын кірген баланы видеоға түсіріп алған

Талқылау