Ресейде жасөспірім әжесін, әкесін және қарындасын балталап өлтірді
Ресейде жасөспірім әкесін және 14 жастағы қарындасын өлтірді деп күдікке ілінуде.
Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
“Күдікті ұсталып, іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Жақын арада шаралар қабылданады,” – деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Сенбі күні Тамбов облысындағы Сосновка ауылындағы үйлердің бірінен 67 жастағы әйел, оның 43 жастағы ұлы және 14 жастағы немересінің денесі табылған. Қазіргі таңда ұсталған 17 жастағы күдікті жігіт тергеу изоляторында отыр.
Тергеу дерегі бойынша сенбі күні таңертең жасөспірім ұйықтап жатқан туыстарына балтамен шабуыл жасаған. Алған жарақаттан әжесі мен қарындасы оқиға орынында көз жұмса, әкесі ауруханаға жеткізілгенімен ол да көп ұзамай қайтыс болған.
Алдын-ала дерек бойынша, күдікті тұрмыстық мәселелер бойынша отбасы мүшелерімен араздасып қалып, осындай қылмысқа барған. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Оқи отырыңыз:
Әкесі ақша үшін кішкентай қызын жалаңаш суретке түсірген
АҚШ-та 7 жасар қызды бауыздап өлтірген 15 жастағы қыз бала тұтқындалды (фото)