Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде колония қызметкерлерін кепілге алған төрт тұтқын өлтірілді

Ресей гвардиясының снайперлері Суровикинодағы колония қызметкерлерін кепілге алған төрт тұтқынды өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: rosgvardofficial

Федералдық қылмыстық атқару қызметі колонияның төрт қызметкерінің қаза тапқаны хабарланды.

Ресейдің Федералдық қылмыстық атқару қызметі бүгін Волгоград облысындағы ИК-19-да болған оқиға туралы ресми түрде ақпарат берді. 

Ведомствоның мәліметінше, төрт тұтқын сегіз түрме қызметкері мен төрт сотталушыны кепілге алған.

“Қылмыскерлер төрт қызметкерге әртүрлі ауырлықтағы пышақ жарақатын салып, оның үшеуі қайтыс болған. Қарсылық көрсеткен тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды, бірақ олардың біреуі ауруханада көз жұмды”, – делінген хабарламада.

Волгоград облысы денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Анатолий Себелева бұған дейін колонияның жараланған екі қызметкерінің жағдайы ауыр, тағы екеуінің жағдайы орташа деп мәлімдеген.

Сондай-ақ департамент кепілге алынғандардың барлығы босатылғанын хабарлады.

Еске салсақ, осыған дейін Ресейде Волгоград облысындағы №19 түзету колониясында федералдық қылмыстық атқару қызметінің қызметкерін тұтқын кепілге алып, өлтіргені туралы жазғанбыз.

Талқылау