Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде бойжеткен ұрлығын жасыру үшін беті мен қолын қайшымен тіліп тастаған

Волгоградтың 20 жастағы тұрғыны құрбысынан 40 мың рубль (200 мың теңгеден аса) ұрлап алып, ұрлығын жасыру үшін бетін қайшымен тіліп тастаған.

Бұл туралы өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

22 наурызда 20 жастағы қыз полицияға шағымданып, құрбыларымен бірге жалдап тұратын пәтеріне бейтаныс ер адамның кіріп кеткенін айтқан. Оның сөзінше, қаскүнем оны пышақпен жарақаттап, көршісінің сөмкесінде жатқан 40 мың рубльді (200 мың теңгеден аса) ұрлап, қашып кеткен.

Оқиға орнына жеткен қылмыстық іздестіру тобының жедел қызметкерлері пәтерге ешкімнің ұрлыққа түспегенін анықтаған.

Олар  шағымданған бойжеткеннің пәтерде бірге тұратын құрбысының ақшасын ұрлап, беті мен қолын тырнақ күтіміне арналған қайшымен тіліп тастағанын анықтаған. Бойжеткен өз ұрлығын жасыру үшін полицияға шағымданып, ұрлық туралы оқиғаны ойдан шығарған.

Қазіргі уақытта ұрлық ісі бойынша күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз:

Ұлды болуды армандаған ер адам 3 айлық қызын аяусыз ұрып тастады

Францияда бұрынғы хирургтің пациенттерін нәжіспен емдеп келгені анықталды

Таңғажайып жағдай: Қытайда автобус жарылып кетіп, жолаушылар аман қалды (видео)

Әйел адамды артынан теуіп жіберіп әзілдеген жігіт 23 млн теңге өтемақы төлейтін болды

Талқылау