Ресейде боксшы Биволдың бұрынғы әйелі қазақтар мен қырғыздарға қатысты қорлайтын сөз айтқаны үшін айыпталды

Ресейлік кәсіпқой боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты Санкт-Петербург қаласында әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оған әлеуметтік желілерде қазақтар мен қырғыздарға қатысты қорлайтын пікірлер жазып, ұлтаралық өшпенділік тудырды деген айып тағылып отыр. Іс Ресейдің әкімшілік заңнамасындағы жеккөрушілік пен адам қадір-қасиетін қорлауға қатысты бап бойынша қаралуда.
Тергеу дерегінше, Екатерина Бивол 2024 жылдың қыркүйегі мен 2025 жылдың тамызы аралығында Ресейде тыйым салынған Instagram желісінде және Telegram мессенджерінде даулы жазбалар мен пікірлер қалдырған.
Бұл ақпарат 22 қазанда жария болды. Сот отырысы 29 қаңтарға белгіленген.
Бұған дейін Дмитрий Бивол бұрынғы әйелін Қазақстанға экстрадициялау мәселесін көтеретінін мәлімдеген. Қазан айында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғап, оны іздеуге жариялаған.
Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Қазақстанға экстрадицияланбақ
Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Биволға Ресейде тексеріс басталды
Сонымен қатар, ол Қырғызстанда да іздеуде жүр. Бұл елдің құқық қорғау органдары оған ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағып отыр.