Ресейде аяқ астынан көл тартылып қалды
Ресейдегі Владимир қаласының түбінде тереңдігі 20 метр болатын Саканцы көлі жер астына кетті.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Судың орнында сазды шұңқыр ғана қалды. Мұндағы балықтар да із-түзсіз жоғалды. “Қазір бұл жерде қалыңдығы екі метрге жуық балшық қана жатыр. Шамасы, нөсер жаңбырдан кейін балшық қабатының осал тұсынан шұңқыр пайда болып, су жер астына ағып кеткен”, – дейді Владимир облысы табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Алексей Мигачев.
Егер шұңқыр балшыққа толар болса, көл қайта қалпына келуі де мүмкін.
Жіберіп алмаңыз:
Нью-Йоркте атыс болып, 6 адам мерт болды
Алматыда техникалық қызмет көрсету орталығы өртеніп жатыр
Семейде 45 жастағы азамат пойыз келе жатқанда әдейілеп рельске басын қойған
Алматы облысында әскери борышын бар жоғы үш күн өтеген сарбаз аяқ-асты қаза болды
Талқылау