13 жастағы қыз сүйіктісіне қосылу үшін өз туыстарын өлтіріп тастамақ болған (фото)
Ресейде 16 жастағы жігіт пен қыз отбасындағы үш адамға – анасына, ұлына және әжесіне пышақпен шабуыл жасаған. Жасөспірімдерді оларды ұстамақшы болған көршілері үркітіп жіберіпті.
Кейін белгілі болғандай шабуылдың ұйымдастырушысы 13 жастағы қыз екен. Қызға өз отбасысы сүйіктісімен араласуға тыйым салған.
31 қазан күні күндіз екі 16 жастағы жасөспірім Новосібірде пәтерге кіріп келген. Бұл уақытта үйде 80 жастағы әжей мен оның 11 жасар немересі болыпты. Жігіт әйелді қолындағы қарумен бірнеше рет ұрған. Бұл кезде оның 16 жастағы құрбысы кішкентай баланы пышақпен ұрып, бөлмеге қамап тастаған.
Аз уақыттан соң үйге 41 жастағы үй иесі оралады. 16 жастағы жасөспірім оны да бірнеше мәрте басынан, денесінен балтамен ұрады. Әйелдің айқайын естіген көршілер келіп, қызды ұстап алған. Ал оның сыбайласы қашып құтылып кетіпті. Кейінірек оны да полицейлер қолға түсірген. Зардап шегушілер ауруханаға жатқызылды.
Оқи отырыңыз:
Алматыда теракт ұйымдастырған Руслан Күлекбаевқа өлім жазасы тағайындалды
“Ninety one” тобының әндерінен поппури орындаған қыздар ғаламторды «жарды» (видео)
Оңтүстік тұрғыны ойламаған жерден екінші әйел алып, екі әйелімен бір төсекте жатып жүр
Ақтөбеде сылқым келіншек бірнеше ер адамды алдап 30 мың доллар ақша алып кеткен