Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ресей жағында соғысуға адам тартқан: Қырғызстанның арнайы қызметі Русский дом қызметкерін ұстады

Фото: Настоящее время

Қырғызстанның арнайы қызметі Русский дом қызметкерін ұстады. Ол халықты соғысқа шақырды деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Ош қаласындағы Русский дом қызметкері Наталья Секеринаны ұстады.

19 сәуірде Бішкектің Бірінші Май аудандық соты Секеринаны екі айға, яғни 17 маусымға дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарған.


"Жүздеген отандасымызды сабатып, үндемей отыра береміз бе?": Мәскеу полициясы қырғызстандық мигранттарды ұрып-соқты деп айыпталды


Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бас тергеу басқармасы Секеринаға “Басқа елдердегі қарулы қақтығыстарға қатысу үшін жалдамалы әскерилерді тарту” бабы бойынша айып тақты. Яғни Ресей жағында соғысатын адамдарды жинаған.

“Жалдамалы әскерилерді тарту” ісі бойынша барлығы төрт адам ұсталды, олардың арасында Ош әкімдігі баспасөз қызметінің қызметкері Сергей Лапушкин де бар. Іс бойынша қалған екі айыпталушының кім екені белгісіз.

Қырғызстанда бұрын Ресей-Украина соғысына Ресей жағында қатысқаны үшін үш адам сотталған. Олардың бірі – Асқар Кубанычбек уулу. Ол Қырғызстанда жеті жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ Ресейге қашып, Ресей қорғаныс министрлігімен жаңа келісімшартқа отырды. 

Еске салсақ, Украина Ресеймен тұтқын алмасу шарасы аясында екі қазақстандық азаматты экстрадициялаған еді. 

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 24 Сәуір, 2025 15:04
Талқылау