Ресей Украинаның Одесса қаласына шабуыл жасады: Қаза тапқандар бар

Фото: Медуза
Ресей әскерилері Украинаның Одесса қаласына ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Украинская правда” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шабуыл салдарынан ерлі-зайыпты мерт болып, 17 адам, оның ішінде үш бала жараланды.
"Құтқарушылар жаудың ұшқышсыз ұшағынан қаза тапқан ерлі-зайыптының денесін үйінді астынан алып шықты", – деді Одесса облыстық әскери басқармасының басшысы Олег Кипер.
Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің хабарлауынша, ресейлік ұшқышсыз ұшақтар 21 қабатты тұрғын үйге соғылып, 7, 8 және 9-қабаттарда өрт шыққан. Адамдар пәтерлерінде қамалып қалды. Құтқарушылар бір уақытта адамдарды құтқарып, өртті сөндірді. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: Медуза
Жарылыстар Днепрде де болды, оның алдында қала мен облыста әуе шабуылы дабылы жарияланған.
Украина әскери-әуе күштерінің мәліметі бойынша, бір түннің ішінде Ресей әскерлері Украинаға 23 шабуылдаушы ұшқышсыз ұшқышты ұшырды.
Еске салсақ, бұған дейін Ресей Киевке соққы жасаған еді.
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты