Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Украинаның 15 аймағына шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

26 тамыз күні таңертең Ресей дрондар мен әртүрлі зымырандарды пайдаланып, Украинаға жаппай шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото әлеуметтік желіден

Шабуылдар бірнеше аймақта, соның ішінде Киевте де электр қуатының үзілуіне әкелді. Қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Түннен бері Украинаның барлық аймақтарында әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды. Украина әскери-әуе күштерінің мәліметінше, Ресей Украинға қарсы 100-ден астам ұшқышсыз ұшу аппараттары мен ондаған қанатты зымырандар ұшырған. 


Әйел Украина әскерін қолдауға 51 доллар аударғаны үшін 12 жылға сотталды


Украина премьер-министрі Денис Шмигал Ресейдің шабуылынан елдің 15 аймағы зардап шеккенін айтты. Жаппай шабуылдың салдарынан "Укрэнерго" электр қуатын таратуды апатты түрде тоқтатты. Киев мэрі Виталий Кличконың мәліметінше, электр қуатының үзілуіне байланысты бірқатар аудандарда су беруде қиындықтар туындаған. 

Ресейдің қорғаныс министрлігі шабуылға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Украина қарулы күштерінің Ресейдің Курск облысына басып кіргені туралы жазған едік. 

Талқылау