Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Украинаны Путиннің резиденциясына шабуыл жасады деп айыптады

дрон ресей

Фото: Ресей қорғаныс министрлігі

Ресейдің қорғаныс министрлігі 29 желтоқсанда украиналық күштер Новгород облысындағы Путиннің резиденциясына алыс қашықтыққа ұшатын дрондармен шабуыл жасамақ болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды.

Ресей аэроғарыш күштерінің зениттік-зымыран әскерлерінің бастығы Александр Романенков 31 желтоқсанда осы мәселе бойынша брифинг өткізді. Оның айтуынша, ешкім зардап шеккен жоқ ешқандай зақым келтірілмеген.

Қорғаныс министрлігі құлатылған дронның видеосын жариялады. 

Мәскеудің қарсы шабуылдар жасайтыны және келіссөздер жүргізу ұстанымдарын қайта қарастыратыны жарияланды, бірақ нақты мәліметтер көрсетілмеді.

29 желтоқсан күні кешке Трамппен телефон арқылы сөйлескен Путин Украинаны оның резиденциясына бағытталған шабуыл жасады деп айыптап, дәл осындай мәлімдеме жасады. Дегенмен оның шабуыл кезінде сол жерде болған-болмағаны туралы хабарланбады.

Қорғаныс министрлігі дрондардың бірнеше бағыттан ұшып бара жатқанын көрсететін болжамды шабуыл картасын жариялады. Барлығы 91 дрон атып түсірілгені айтылады, олардың шамамен жартысы Брянск және Смоленск облыстарының үстінде, ал 41-і Новгород облысының үстінде атып түсірілген. Шабуыл 29 желтоқсанда таңғы сағат 8:30-ға дейін жалғасты деп болжанды.

Украина тарапы Путиннің резиденциясына шабуыл жасау әрекетін жоққа шығарды. 29 желтоқсанда Украина президенті Владимир Зеленский Лавров пен басқа да Мәскеу шенеуніктерінің мәлімдемелерін бейбіт келіссөздерді бұзуға немесе қиындатуға және Киевтегі үкімет ғимараттарына шабуыл жасауға сылтау іздеуге бағытталған өтірік деп атады.

30 желтоқсанда Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Лавров айтқандай, Путиннің резиденциясына шабуыл жасау әрекеті "келіссөз процесін бұзуға бағытталған террористік акт" болғанын мәлімдеді. Шабуыл тек Путинге  емес, сонымен қатар АҚШ президенті Трампқа да бағытталға деп пікір білдірді.

Трамптың өзі  резиденцияға шабуыл жасау әрекеті туралы Путиннен білгенін және бұл оны "қатты ашуландырғанын" айтты. 

АҚШ-тың НАТО-дағы елшісі Мэттью Уитакер шабуылдың болған-болмағанын АҚШ пен одақтастардың барлау қызметі анықтайтынын атап өтті. Ол Украинаның бейбіт келіссөздер жүріп жатқан кезде мұндай шабуыл жасауы "әдепсіздік" және "абайсыздық" болатынын айтты, сондықтан оқиғалардың ресейлік нұсқасына күмән келтірді.

Еске салсақ, Тоқаев Ресей президентінің резиденциясына жасалған шабуыл әрекетін айыптаған еді.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 31 Желтоқсан, 2025 18:19