Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей полициясы Астанада соғыстан қашып кеткен азаматты ұрлап әкеткен

Ресей полициясы Астанада соғыс кезінде қашып кетті деп айыпталған түмендік Камиль Касимовты ұрлап әкетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mediazona басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Касимов 2024 жылдың сәуірінде ұрланған. Ол алдымен Қазақстан аумағындағы Приозерск жабық әскери бөлімнің аумағына жеткізіліп, сол жерден Омбыға жөнелтілген. Касимов алты жылға сотталды.

Оны ұстау үшін Бурятия ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанға 10 күнге іссапарға келіп, арнайы операцияны жүзеге асырған. Қазақстандық құқық қорғаушылар Астана полициясының Касимовты ұстауға қатысуы мүмкін екенін айтады. Алайда ішкі істер министрлігі бұл деректі ресми түрде жоққа шығарды.


Украинадағы соғыс басталғаннан кейін Қазақстанға келген 80 мың ресейлік еліне қайта оралмаған


ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқықтық көмек көрсету туралы Кишинев конвенциясына сәйкес, әскери қызметке қарсы қылмыс жасады деген күдіктілер мен айыпталушыларды экстрадициялауға тікелей тыйым салынады. Қазақстан соты Касимовты елден шығару туралы шешім шығармаған.

Камиль Касимов Ресей Қорғаныс министрлігімен 2021 жылы келісімшартқа отырған. Украинада соғыс басталғаннан кейін оны үш жыл мерзімге екінші келісімшартқа қол қоюға мәжбүр етті. 2023 жылдың мамыр айында Касимов еңбек демалысын алып, Украинадан үйіне қайтқан. Алайда ол соғысқа оралмай, Қазақстанға көшіп, жұмысқа орналасқан.

Еске салсақ, бұған дейін қоғам белсендісі Украинаға соғысқа барып, мерт болған қазақстандық туралы айтқан еді. 

Талқылау