Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей мен Қазақстан Каспий теңізі түбімен оптикалық кабель жүргізуді талқылап жатыр

Фото: comnews.ru

Қазақстан мен Ресейдің цифрлық даму министрлігі, “Ростелеком” және “Қазақтелеком” Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін салу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Интерфакс” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мұны Ресейдің Цифрлық даму министрі Максут Шадаев III Каспий цифрлық форумында мәлімдеді. 

“Қазір біз – Қазақстан мен Ресейдің цифрлық даму министрлігі, “Ростелеком” және “Қазақтелеком” Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін салу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін талқылап жатырмыз. Бұл желі өңіріміздің Армения, Иран және Қазақстанмен тікелей байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір осы бірлескен жоба талқыланып жатыр”, – деді Шадаев.


"Ғалымдардың болжамы көңіл көншітпейді": Қазақстан Каспийді құтқару үшін көрші елдерден көмек сұрады


Маңғыстау облысында Каспий жағалауындағы жер телімі кәсіпкерге заңсыз берілген


Оның айтуынша, бұл жоба Каспий жағалауы мемлекеттерін цифрландыруға көмектеседі.

Қазір Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жобасын Қазақстан мен Әзірбайжан іске асырып жатыр. Жоспар бойынша құрылыс 2027 жылы аяқталуы тиіс. Сумгаит (Әзірбайжан) пен Ақтау (Қазақстан) арасындағы суасты кабелінің ұзындығы 380 шақырым, ал жоспарланған өткізу қабілеті 400 Тбит/с дейін болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін 2006 жылдан бері Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі жағалаудан 18 шақырымға тартылғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 31 Қазан, 2025 11:40
Талқылау