Ресей қосымша мобилизация жарияламайды – Путин
Ресей президенті Владимир Путин қосымша мобилизацияға қажеттілік жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, қазір Ресейде жоспарланған үш жүз мың адамның 222 мыңы мобилизацияланды.
"Қорғаныс министрлігі бастапқыда үш жүз мың емес, бұдан да аз санды жоспарлаған. Қазір қосымша ештеңе жоспарланып отырған жоқ. Қорғаныс министрлігінен ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Болашақта бұған (мобилизацияға – авт.) қажеттілік көріп тұрған жоқпын", – деді Путин Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Ресей лидері ішінара мобилизация шамамен екі аптадан кейін аяқталатынын атап өтті.
Бұған дейін Путин мобилизациядан Қазақстанға қашып келген ресейліктер туралы пікір білдірген болатын.
Еске салсақ, Украинадағы жағдайға байланысты қыркүйек айының соңында Ресейде ішінара мобилизация жарияланды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"