Ресей футболшысы бес мыңдық купюрамен мұрнын сүрткен (видео)
Ресей спорт министрлігінің басшысы жартылай қорғаушы Станислав Манаевтың мәдениеті төмен деңгейде деп санайды. Ресей спорт министрлігі бес мыңдық купюрамен мұрнын сүрткен «Тосно» клубының футболшысын жазалады деп хабарлады R-Sport.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Әрине, бұл бейне жеке спортшының мәдениетінің төмен деңгейде екенін көрсетіп отыр. Менің білетінім бойынша, ол кешірім сұрап, оның әзіл екенін айтқан. Бұл оған сабақ болады деп ойлаймын. Бұл оқиғаның әлем кубогы мен Ресейдің бұл мекереке деген дайындығына ешқандай байланысы жоқ»,- деп түсіндірді РФ Спорт министрі Павел Колобков.
Желіде футболшы Станислав Манаевтың орамалдың орнына банкнотпен мұрнын сүрткені түсірілген видео тарап кетті.
«Ресей-2018» ұйымдастыру комитетінің бас директоры Алексей Сорокиннің пікірінше, Манаевтің әрекетінің ресейлік ұлттық құрама ойыншыларымен ешқандай байланысы жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
Мектепте атыс болды: 17 адам қаза тапты (фото)
Бүгін жерге магниттік толқын түседі деп күтілуде
Той көйлегіне сыю үшін арықтаған блогер бедеу болып қалды
Үндістандық азамат көзінен қан ағып жылаған әйелін мыстан деп тастап кетті