Ресей елшісі Қазақстанның жаңа Конституциясының орыс тілі үшін маңызына тоқталды

Ресейдің Астанадағы елшісі Алексей Бородавкин Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда қабылданса, елде орыс тілі ресми мәртебесін сақтап қалатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол бұл ойын ТАСС агенттігіне берген сұхбатында айтты.
“Мұны өте оң белгі дегеннен басқа қалай бағалауға болады? Орыс тілі Қазақстанда өз мәртебесін сақтап қана қоймай, біздіңше, Қазақстанның бастамасымен ТМД кеңістігінде де, әлемде де маңызы арта түседі”, – деді ол.
Елші Халықаралық орыс тілі ұйымын құру Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы екенін еске салды. Дипломаттың айтуынша, “келер айларда оның жұмысын іске қосу үшін қажет шаралар өтеді”.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Айта кетейік, бұған дейін Референдумға шығарылатын Жаңа Конституцияның жобасы жарияланғаны хабарланған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"