Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Әзірбайжанмен болған келіспеушілікке қатысты мәлімдеме жасады

дмитрий песков

Фото: Риа Новости

Кремль Ресей мен Әзірбайжанның серіктес әрі одақтас болып қалуы керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Әзірбайжанды қолдайтынын айтты.

"Ресей мен Әзірбайжан тарихы, бүгіні мен болашағы ортақ ең жақын серіктестер, одақтастар және солай болуға тиіс", – деді Песков журналистерге.

Кремль өкілінің пікірінше, Мәскеу мен Баку арасында туындайтын мәселелер сындарлы түрде шешілуі керек.

"Проблемалар, әрине, конструктивті түрде, екіжақты қарым-қатынастарымыздың жалпы рухына сәйкес келетіндей шешілуі керек", – деді президенттің баспасөз хатшысы.

Ол ресейлік дипломаттардың Әзірбайжан тарапымен тұрақты байланыста екенін және бұрын ұсталған ресейліктердің мүддесін қорғайтынын атап өтті.

"Біздің елшіліктеріміз бен дипломатиялық департаменттеріміз Әзірбайжан тарапымен тұрақты байланыста және заңмен және қолданыстағы дипломатиялық тәжірибеде көзделген барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, ұсталған ресейліктердің мүдделерін қорғап жатыр", – деді Песков.

Маусым айының соңында Ресей мен Әзірбайжан арасында дипломатиялық жанжал туындады. Ол Екатеринбургте әзірбайжан диаспорасының өкілдері кісі өлтіру ісі бойынша ұсталған соң басталды. Ұсталғандардың екеуі ағайынды Гусейн мен Зияддин Сафаровтар қайтыс болды. Олардың денелерінен ұрып-соғу мен азаптау іздері табылғаны хабарланды. Бұған жауап ретінде Әзірбайжан билігі түрлі қылмыс жасады деген күдікпен ресейліктерді қатаң түрде ұстай бастады.

Айта кетейік, бұған дейін Әзірбайжан мәдениет министрлігі Екатеринбург қаласында әзірбайжан ұлт өкілдерінің ұсталуынан кейін ел аумағында Ресейдің қатысуымен өтетін барлық мәдени іс-шаралар тоқтатылғанын мәлімдеген еді. Одан соң Бакуде 8 ресейлік, ал Екатеринбургте Әзірбайжан диаспорасының басшысы ұсталды.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 08 Шілде, 2025 10:35