Әйел Украина әскерін қолдауға 51 доллар аударғаны үшін 12 жылға сотталды
Свердлов облыстық соты Ресей мен АҚШ азаматшасы Ксения Карелинаны мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырды. Прокурор Ксенияны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Svoboda.org басылымына сілтеме жасап.
Фото: Reuters
Карелина қаңтарда Екатеринбургте ұсталған. Ол ұсақ бұзақылық жасады деген айыппен 14 тәулікке қамауға алынған, кейін арнайы уақытша ұстау изоляторына жатқызылды. 7 ақпанда Карелина мемлекетке опасыздық жасады деген қылмыстық іс бойынша ұсталды. Келесі күні сот оны тергеу изоляторына жіберді.
Тергеушілердің мәліметі бойынша, 2022 жылдың 24 ақпанында айыпталушы АҚШ банкіндегі шотынан украиналық Razom for Ukraine қорына 52 доллар аударған. ФСБ мәліметінше, Карелина Украина қарулы күштерін осылайша қаржыландырған.
Адвокат Михаил Мушайловтың айтуынша, барлау қызметтері сотталушының телефонын тексеру арқылы екі жыл бұрын жасалған мәміле туралы ақпарат алған.
Карелина кінәсін мойындады. Қорғаушы тарап үкімге ішінара шағым түсірмекші.
Карелинаға үкімді судья Андрей Минеев шығарды. Бұған дейін ол The Wall Street Journal басылымының америкалық журналисі Эван Гершковичке үкім шығарған.
Еске салсақ, бұған дейін Түркияда Ресей мен АҚШ тұтқындары алмастырылғаны туралы жазған едік.