Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей азаматы азаматтық туралы заңды білмегені үшін Қазақстаннан шығарылды

Қазақстан азаматтығын ауыстырып, Ресей азаматтығын алған ер адам құзырлы органдарға уақытылы ескертпегені үшін елден шығарылды. Бұл дерек Астана әуежайында транспорт бақылауын өту кезінде анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

паспорт

Астанада әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Т. есімді Ресей азаматына қатысты істі қарады. 

Анықталғандай ол 2020 жылы Ресей азаматтығын алған. Алайда Қазақстан Республикасының жеке куәлігі мен төлқұжатын өткізбеген әрі ішкі істер органына азаматтығын ауыстырғанын ескертпеген. 

Заңға сәйкес тиісті органдарға 30 күнтізбелік күн ішінде ескерту керек.

Аталған деректі желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 2023 жылдың қаңтарында анықтаған. Ақпаратқа сәйкес Т. есімді азамат өз кінәсін мойындап, заңды білмегендіктен тәртіп бұзғанын айтқан. Сөзінше, 2020 жылы ҚР азаматтығынан бас тарту туралы арыз жазып, бұл жеткілікті деп ойлаған. 

"ҚР азаматтығы туралы" заңның 21-бабына сәйкес азамат өзге елдің азаматтығын алса, ҚР азаматтығы күшін жояды. 

Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 496-бабы 2-бөлігіне сәйкес шетелдік азаматтық алғаны жайлы уақытылы хабарламағаны үшін 200 АЕК көлемінде (612 мың теңге) айыппұл салынады немесе елден шығарылады. 

Сот шешімімен Т. кінәлі деп танылып, Қазақстан аумағынан шығару туралы шешім қабылданды. Сот үкімі шығарылған күннен бастап күшіне енді. 

Талқылау