Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рэп-орындаушы Qarakesek есірткіге мас күйінде ұсталды

Фото: instagram.com/qarakesek_west

Ақтөбе қаласында 31 жастағы рэп-орындаушы есірткіге масаң күйінде көлік жүргізіп отырған жерінен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тінту кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы оның синтетикалық есірткі заты екенін анықтады.

Медициналық куәландыру нәтижелері де оның көлікті есірткілік масаң күйде басқарғанын растады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Алдын ала дерек бойынша, ұсталған рэп-орындаушы – Qarakesek (Омар Амантаев).

”Омар Қайратұлы Амантаев әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын. Ол 15 (он бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынсын және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айрылсын”, – делінген сот хабарламасында. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 04 Қыркүйек, 2025 19:12
Талқылау