Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Референдум өткізуге жұмсалатын қаржы көлемі белгілі болды

Фото: gov.kz

Жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты референдумға 20,8 миллиард теңге бөлінетін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Референдум жөніндегі орталық комиссия аумақтық комиссиялардан түскен өтінімдер негізінде шығындардың алдын ала сметасын жариялады. Мәліметке сәйкес, референдум өткізуге 20,8 миллиард теңге жұмсалуы мүмкін. 

Сенат депутаты Михаил Бортниктің айтуынша, әзірленген смета қазір Қаржы министрлігінде қаралып, талданып жатыр. Оның сөзінше, түпкілікті нәтиже жақын арада белгілі болады.


Конституция бойынша Референдум: Дауыс берудің нақты күндері белгіленді


Референдумға шығарылатын Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды


“Дәл қазір отырысымызға Қаржы министрлігінен келдім. Алдағы бірнеше сағаттың ішінде алдағы референдумды өткізуге кететін шығынды нақты айқындайтын сома белгілі болады. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі 20,8 миллиард теңге болды. Айта кетейін, бұл қаражат 2026 жылға арналған бекітілген бюджетте қарастырылмаған. Ол Үкіметтің резервінен бөлінеді. Аталған соманың 75%-ы учаскелік комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге бағытталады. Түпкілікті әрі нақтыланған сома Үкіметтің шешімімен белгіленеді. Оны жақын уақытта қабылдауға тырысамыз”, – деді Бортник.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойған еді. Кейін Қаржы министрлігі референдумға кететін шығын бұрын жұмсалған 15,5 млрд теңгеден көп болатынын айтты. 

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 12 Ақпан, 2026 18:46