Red Bull Jump & Freeze 2026 Алматыға оралады: Шымбулақтағы сегізінші қысқы шоу

Шымбұлақ тау-шаңғы курортына аңызға айналған қысқы Red Bull Jump & Freeze шоуы қайта оралады, 2026 жылы бұл шара сегізінші мәрте өткізілмек. Еліміздегі ең ірі қысқы креативті-экстремалды шоу Наурыз мерекесі күні мыңдаған алматылықтар мен қала қонақтарын жинайды.
Қатысушылар және саны
2–4 адамнан тұратын командалар тау баурайынан түсуге арналған костюмдер мен өз қолымен жасалған “болидтер” немесе конструкциялар дайындайды. Финалда орта есеппен 25–30 команда, яғни жүзден астам қатысушы бақ сынайды. Қатысушылармен бірге Шымбұлаққа жылына мыңнан астам көрермен жиналады – бұл отбасылар, басқа қалалардан арнайы келгендер.
Қазақстандағы оқиғаның мәртебесі
Red Bull Jump & Freeze Алматының қысқы дәстүріне айналды: алматылықтар Наурызда Шымбұлаққа костюмдердің туындыларын, қарды, музыка мен мұзды суға секірулерді көруге келеді. 2026 жылы бұл іс-шара сегізінші рет өткізіледі, бұл форматтың тұрақты қызығушылығы мен танымалдығының өскенін растайды.

Red Bull Jump & Freeze 2026 қазылар алқасы
Ринат Абдрахманов – Шымбұлақ тау курортының Бас директоры, қысқы спорт түрлерінің сарапшысы, тауларды мыңдаған адамға қолжетімді еткен жан.
Денис Никиша – әр күні жылдамдық пен адреналинмен өтетін Red Bull-дың танымал шорт-трек атлеті.
Рашит Ильясов – креативті ортаның өкілі, журналист, қойылымдағы ерекшелік пен стильді бағалайды.
@NNN_Nurdaulet (Нурдаулет Бектурсын) – танымал блогер, өткен Red Bull Jump & Freeze қатысушысы, спуск пен бассейнге секіру эмоцияларын іштей біледі, креативті трюктер сарапшысы.
Қазылар костюмдердің креативі, спуск техникасы, секіру әсері мен көрермен қолдауын бағалайды – барлығынан жарқын болыңыздар!

2026 жылғы сыйлықтар
Red Bull Jump & Freeze 2026-да қатысушыларды мықты сыйлықтар күтіп тұр:
- 1 орын – сәуірде Үндістанның Мумбайындағы Red Bull Soapbox Race-тегі ерекше саяхат тәжірибесі;
- 2 орын – әр команда мүшесіне TechnoDom-да 250 000 теңге сертификаты;
- 3 орын – Шымбұлақ тау-шаңғы курортынан бүкіл командаға уикенд демалыс.
Өтініштер қабылдау ашық! Форманы толтырып, креативіңмен барлығын мұздататыныңды дәлелде. Толығырақ ақпарат – сайтта немесе Red Bull Kazakhstan әлеуметтік желілерінде. Red Bull Jump & Freeze 2026 — қыста да ұшуге болады!