Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Реанимобиль кіргізбеген, таңғышын күштеп алған": Air Astana әуекомпаниясы ерекше баланың өлімі үшін өтемақы төлейді

Айр астана 24

Алматылық тұрғын баласының өлімі үшін Air Astana әуекомпаниясын сотта жеңіп шықты.

Алматыдағы Түрксіб аудандық сотында И есімді азамат халықаралық әуежай мен Air Astana әуетасымалдаушысынан моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Әуежай қызметкерлері ұшақ Алматы қаласына қонғаннан кейін коматоздық күйдегі және жүре алмайтын науқас 6 жасар баласына мүгедектер арбасын ұсынған. Алайда бұл медициналық талаптарға сәйкес келмейді. Реаниматолог-дәрігер мен анасы болған жеке реанимобиль көлігі әуежай аумағына кіргізілмеген. Алайда олар бұған дейін кіріп жүрді. Сонымен қатар әуежай аумағынан шығу еш қажет етілмегеніне қарамастан, талап қоюшыға жедел жәрдем көлігін ұсынудан бас тартылған”, – делінген хабарламада.


Науқастың мүгедектер арбасын бүлдіріп тастаған: Қазақстандық әйел Air Astana әуекомпаниясына шағымданды


Реанимобильдің орнына ұшақтан терминалға дейін бала ерекше қажеттілігі бар жолаушыларды отырғызу мен түсіруге арналған арнайы техника – амбулифтпен жеткізілген. Алайда ол ауыр халдегі жолаушыларға арналмаған. Осылайша баланы қауіпсіз әрі медициналық талаптарға сәйкес тасымалдау қамтамасыз етілмеген.

Нейрохирургтың қорытындысына сәйкес, бала қозғала алмайтын қалыпта, жатқызылған күйде болған, ал құжаттық бақылау медициналық пункт арқылы жүзеге асырылуы тиіс еді.

Air Astana жолаушының жағдайы жайында біле тұра, реанимобильді кіргізу қажет екенін халықаралық әуежайға хабарламаған. 

“Сот әуе компаниясы мен әуежай қызметтерінің дұрыс қызмет көрсетпеуі баланың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін атап өтті. Шекаралық бақылаудан өту кезінде суретке түсіру үшін кератитпен ауыратын баланың көзіне жапсырылған қорғаныш таңғыштарды күштеп алған. Келесі күні бала екіжақты пневмоторакспен ауруханаға жатқызылып, ақпанда көз жұмған”, – деп мәлімдеді Алматы сотының баспасөз қызметі.

Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылып, Air Astana-ны талап қоюшының пайдасына моральдық зиянды өтеу үшін 5 миллион теңге төлеуге міндеттеді. 

Еске салайық, 12 жастағы қызды ұшаққа отырғызбай, жалғыз тастап кеткеніүшін FlyArystan 8 млн теңге төлегенін жазған едік. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 15:18
Талқылау