“Реал” мен “Барселона” матчынан кейін футболшылар қақтығысып қалды

Ла Лиганың 10-турындағы тартысты “Реал” мен “Барселона” матчынан кейін футболшылар сөзге келіспей қақтығысып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Матчта "Реал" "Барселонаны" 2:1 есебімен жеңді. Алайда ойыннан кейін алаңда жанжал шықты.
Жанжал “Реал” капитаны Карвахальдың ишарасынан басталған. Ол матчқа дейін көп сөйлеген Ямальға “үндеме” деген белгі көрсеткен. Бірақ Ламин бұл сөзге ашуланып, 33 жастағы қарсыласына жауап қайтара бастаған.
Кейін олардың дауына өзге де футболшылар араласып, олар да өзара келіспей қалған.
“Реал” өз жеңістерін жанжал шығарғандарды алып кеткеннен кейін барып сабырмен атап өтті.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

