"Реал Мадрид" Чемпиондар лигасында "Арсеналдан" масқара болып жеңілді
Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалында испаниялық “Реал Мадрид” командасы ағылшындық “Арсеналдан” тас талқан болып жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Лондондағы “Эмирейтс” стадионында өткен ойында 60 мың жанкүйер жиналды. Матчтың алғашқы 15 минутын алаң иелері қарқынды бастады. Алайда “Реал Мадрид” қақпасын қанша торуылдағанмен, “Арсенал” қарсылас қақпасына гол соға алмады. Осылайша алғашқы таймда таблода есеп ашылмады.
Екінші кезеңде қос қарсылас ойынды жоғары жылдамдықта өткізді. Бірақ “зеңбірекшілер” бұл матчта қарсыластан бір бас жоғары болды. 58 минутта стандартты соққыдан Деклан Райс керемет гол соғып, алаң иелерін алға шығарды. 70 минутта мадридтік ойыншылар айып алаңының маңында тағы да тәртіп бұзді. Нүктеге келген Деклан Райс допты тоғыздыққа бағыттады. Нәтижесінде дубль авторы атанды. Арада бес минут өткен соң “Арсенал” шабуылшысы, испаниялық Микель Мерино ойындағы үшінші голды соқты. Қорытынды есеп 3:0, лондондық команда алғашқы матчта жеңіске жетті.
Бекітілген ереже бойынша 1/8 финалдан бастап командалар екі ойыннан өткізеді. Жауапты кездесу 17 сәуірде Мадридтегі “Сантьяго Бернабеу” стадионында болады.
Айта кетейік, “Реал Мадрид” – Чемпиондар лигасының былтырғы маусымдағы чемпиондары. Кәрі құрлықтың басты бәсекесін испаниялық команда 15 рет жеңген тарихтағы жалғыз команда.
Бүгін тағы да Чемпиондар лигасының ширек финалдық екі ойыны өтеді. Испаниялық “Барселона” өз алаңында немістің “Боруссия Дортмунд” командасына қарсы ойнайды. Ал Франциялық “ПСЖ” Парижде Бирмингемдік “Астон Вилланы” қабылдайды. Матчтар түнгі сағат 00:00-де болады.