Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рано Омарова өзі асыға күтіп жүрген тойының болмайтынын айтты

Осыдан бір жыл бұрын Рано Омарова аяғының ауыр екенін айтып, қуанышты жаңалығын жария етті. Артынша тойды босанғаннан кейін жасайтынын мәлімдеді. Алайда жұртқа беймәлім себептермен ол өзі армандаған ақ көйлекті кимейтінін айтып жатыр.

15337219_235266976896802_3783851494692880384_n

Фото: instagram.com/ranosha_umarova/?hl=ru

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

35 жаста тұрмысқа шыққан Рано Омарова жуырда ақ көйлек киетінін айтқан болатын. Артық салмақтан арылған әнші ұлының бір жасқа толу тойына да дайындалып жүр екен. “Бұл сұрақты қоюдың қажеті де жоқ шығар. Алтын тойымыз болған кезде ерекше атап өтуіміз мүмкін. Бала тәрбиесімен айналысатын уақыт келді. Әдетте бейнебаянға бірнеше ай бойы дайындаламын. Ал тойдың жыры одан да ұзақ болатыны анық. Сол себепті, той жасамайтын болдық”, – дейді әнші.

Әнші шығармашылыққа қайта оралмақ. Ол көктем айларында жаңа бейнебаян түсіруді жоспарлап жүр.

“Бейнебаяныма жақсылап әзірленіп жатырмын. Бір ай бұрын диетаға отырып, артық салмақ тастадым. Бейнебаянымда арық әрі сұңғақ бойлы болып көрінгім келеді. Әдетте бірнеше ән жаздырып, солардың ішінен таңдаймын. Костюм мәселесі де бар. Бұл бір апталық жұмыс емес. Сол себепті, тойдан гөрі басқа шаруалармен айналысуды жөн көріп отырмын. Ал жаңа туындымды тыңдармандарыма көктемнің соңғы айларында ұсынамын деген үміттемін. Бұрынғыдай тартымдырақ көрінуге тырысамын. Отаным Қазақстанға арналған жақсы әнім бар еді. Сол әнге бейнебаян түсіруді жоспарлап жүрген кезімде, аяғым ауырлап қалды”, – дейді Рано Омарова.


Жіберіп алмаңыз:

Дизайнер Жадо 8 баласымен адам шошырлық жағдайда тұрып жатқан анаға көмек көрсетті (видео)

Медеу Арынбаев: Ділназ екеуіміз қосыла саламыз

Карина Абдулинна өзі іздеген жігітпен көңіл қосты (фото)

Мақпал Исабекова шектен шыққан еркелігі үшін халықтан кешірім сұрады

Талқылау