Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рамзан Қадыров ACA 189 турниріндегі шешен спортшыларының нәтижесіне көңілі толмады

АСА турнирінен көңілі қалдыФото: РИА Новости

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ACA 189 турнирінде өнер көрсеткен шешен спортшыларының көрсеткішіне риза болмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі MMA.Metaratings.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Турнирдің басты кардында Шешен Республикасынан шыққан файтерлер әдейі орналастырылған. ACA лигасының президенті Магомед Бибулатовтың айтуынша, ол ұйымдастырушылық жағынан барлық жұмысты атқарған: арена табылып, қарсыластармен келіссөздер жүргізілген.

Алайда күткен нәтиже болмады. Оның сөзінше, Муслим Магомедов пен Адлан Ибрагимов арасындағы жекпе-жек тартысты өтетініне сенімді болған. "Адлан – соңына дейін күресетін, мінезі мықты спортшы", – деді Бибулатов.

Айта кетейік, басты кардта Мехди Байдулаев, Эльмар Гасанов, Саламу Абдурахманов, Карлос Фелипе және Абдул-Азиз Абдулвахабов жеңіске жеткенімен, шешен спортшылары жалпы нәтиже бойынша Қадыровтың үмітін ақтамаған.

Еске салайық, аралас жекпе-жектен ACA 189 турнирі биыл наурыз айының басында қайтыс болған үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиевтің рухына арналған.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 14 Шілде, 2025 12:57
Талқылау