Рамазан айында азық-түлік қымбаттай ма – Министр жауап берді
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Рамазан айында азық-түліктің бағасы қалай өзгеруі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: visitdubai.com
Мәжіліс кулуарында журналистер Арман Шаққалиевтен азық-түлік бағасы жайлы сұраған еді. Сауда министрінің айтуынша, мұсылмандар үшін қасиетті айда көп сауда орындары науқан өткізіп, бағаны түсіреді.
“Іс жүзінде біздің сауда орындары осындай кезеңде, керісінше, науқандар өткізеді. Бағаның түскенін айтып, түрлі шаралар ұйымдастырады. Ораза ұстаудың өзі мейірім мен қайырымдылық мейрамы ретінде қабылданады. Мұсылмандар, соның ішінде сауда орындарында жұмыс істейтіндер бұдан пайда табуға емес, мейірбандық танытуға тырысады. Осы кезде тиісті шаралар қабылданып, науқан өткізеді. Бағаны түсіруге бағыттайды. Осылайша азық-түліктің қыбаттауы күтілмейді. Ораза ұстауды баға өзгерісімен байланыстырмаймыз”, – деді ол.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі