Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рамазан айында Араб елдеріндегі демалыс: Kaztour туристік агенттігінің сарапшысы Ақмарал Омаровадан кеңес

Рамазан айында Араб елдерінде демалған қолайлы ма? Қандай шектеулер болуы мүмкін? Kaztour туристік агенттігінің сарапшысы Ақмарал Омарова Рамазан айында Араб елдерінде демалуды жоспарлап жүрген қазақстандық азаматтарға кеңес берді. 

– Ақмарал, биыл Рамазан айы Наурыз мейрамы қарсаңындағы демалыс күндеріне, яғни қазақстандық азаматтардың көбі демалысқа шығатын уақытқа тұспа-тұс келіп отыр екен. Көп туристке бұл ай Араб елдеріндегі демалысқа қалай әсер етететіні қызық. Осы кезеңде саяхаттауды жоспарлағандарға қандай кеңес бересіз?

– Рамазан айында Араб елдері ерекше атмосфераға толы болады. Мұсылмандар ораза ұстаса да, туристтер ол елге барып, емін-еркін демала алады.

– Ораза ұстағандарға және ұстамағандарға ас мәзірі қалай ұйымдастырылады?

– Біріккен Араб Әмірлігіндегі Шарджада, Әбу-Дабиде, Мысырдағы Шарм-эль-Шейхте, Катарда Рамазан айының дәстүрлері және барлық туристтің жағдайы ескеріледі. Ораза ұстаған туристтерге сәресі (күн шыққанға дейін ішетін таңғы ас) және ауызашар қызметі (күн батқаннан кейін ішетін кешкі ас) қарастырылады. Қонақүйлер халал тағам ұсынады, ал бала-шағасымен қыдырып жүрген отбасыларға арнайы ас мәзірі мен іс-шаралар бар. Балалары еш уайымсыз, бұрынғы қалыпты кесте бойынша тамақтанып, демалады. Ораза ұстамаған туристтер үшін де дәмді әрі ыңғайлы ас мәзірі ұсынылады. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі және Мысырдағы мейрамханалар кәдімгі бұрынғы режим бойынша жұмыс істей береді. Сол себепті туристтер ол жаққа кез келген уақытта ешқандай шектеусіз барып, әлдене алады. Катарда кейбір мейрамхана жұмыс уақытын сәл өзгертуі мүмкін. Бірақ олар ауызашардан соң ашылып, түрлі тағам ұсынып, жарым түнге дейін істейді. Қорыта айтқанда, бұл кезде туристтер ораза ұстаса да, ұстамаса да, емін-еркін әрі толық тамақтана алады.

– Экскурсияға баратындарды қандай өзгеріс күтіп тұр?

– Туристтер экскурсияға, көрнекі жерлерге бара алады, бірақ олардың жұмыс кестесі өзгеруі мүмкін. Сіздер алдын ала жоспарлап қойған экскурсияларыңызға бара аласыздар. Ал көрнекі жерлердің сол кездегі жұмыс уақытын гид қызметкерлері біліп, айтып береді.

– Бұл уақытта қалай киінген дұрыс?

– Қонақүйде жеңіл киініп жүруге болады, бірақ қоғамдық орында жергілікті салт-дәстүрге құрметпен қарап, киімге мән берген жөн. Әйелдерге иығы, кеудесі, тізесі жабық тұратын киім киюге, ал ерлерге қысқа "шорт", ашық киім кимеуге кеңес береміз.

– Қонақүйде алкоголь беріле ме?

– Рамазан айында қонақүйлерде алкогольді ішімдік сатылады және беріледі. Бірақ қоғамдық орындарда шектеу қойылуы мүмкін.

– Рамазан айына жоспарланған демалыстың қандай ерекшеліктерін ескерген дұрыс?

– Осы кезеңде кейбір қонақүй жататын орынға 30%-ға дейін жеңілдіктер ұсынады. Бұл – ақша үнемдеудің, оған қоса Рамазан айының ерекше атмосферасын сезінуге таптырмас мүмкіндік. Бұл уақыт аралығында да Араб елдерінде жайлы болады әрі саяхатыңыздан максималды түрде ләззат аласыз деп сеніммен айта аламын.

Наурызда демалғыңыз келсе, шектеулерді ойлап, уайымға салынудың қажеті жоқ! Бізге, Kaztour-ға хабарласыңыз. Біз Рамазан айында ораза ұстайтын және ұстамайтын туристтердің барлық жағдайын ескеріп, ұтымды әрі жайлы тур тауып береміз. Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз, ал біз естен кетпес саяхат ұйымдастыруға дайынбыз.

Турды Kaztour кеңсесіне барып немесе сайты арқылы брондауға болады.

Толығырақ: +7 (700) 095 60 06, WhatsApp +7 (771) 780 46 07

Талқылау