"ҚазАвтоЖол" 2 миллиард теңгелік тендер берген компанияның құжаттары күмән тудырды

"ҚазАвтоЖол" миллиардтаған теңгелік тендер берген "ҚазНИПИ" ДОРТРАНС" ЖШС компаниясының құжаттары күмән тудырды. Онда кей ақпарат пен қала атауы қате көрсетілген. Ал Текелі әкімдігі кей деректерді ресми түрде жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ конкурста 2 миллиард теңгелік тендерді "ҚазНИПИ" ДОРТРАНС" ЖШС-не берген. Бұл компанияның құжаттарында түсініксіз тұстар көп екені айтылған.
“Құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алуларда кім жеңеді? Ең үлкен тәжірибесі және сәйкесінше ең жоғары шартты жеңілдігі бар компаниялар. Қарапайым тілмен айтқанда, үміткердің портфолиосы оның жұмысының сапасына кепіл болуы тиіс.
Бірақ, белгілі болғандай, шамамен 2 миллиардтық конкурстың жеңімпазы Алматы облысындағы үлкен жұмыс көлемін растау үшін Текелі қаласы әкімдігі мен компания арасындағы меморандумды ұсынған. Сонымен бірге Текелі қаласының ТКШ бөлімінен алғыс хат қоса берілген. Онда "ҚазНИПИ" ДОРТРАНС" ЖШС қызметкерлері тамаша жөндеген көшелердің тізімі көрсетілген. Советская, Чкалов, Толстой, Некрасов, Шевченко және тағы басқа барлығы 30 көшені атап көрсеткен”, – делінген хабарламада.
Бұл құжаттар "ҚазАвтоЖол" жұмыс тәжірибесінің дәлелі ретінде қабылдаған. Сол конкурс нәтижесіне қатысты шағымда құжаттардың рәсімделуі де күмән туғызатыны айтылған. 2017 жылы қол қойылған актілерде "ДОРТРАНС"-тың мөрі басылған. Онда компанияның Нұр-Сұлтан қаласында тіркелгені көрсетілген. Алайда еліміздің астанасы бұл атауды тек 2019 жылдың көктемінен 2022 жылдың күзіне дейін ғана иеленген!
Осы мөр "Талдықорған – Қалбатау – Өскемен" тасжолын жөндеу және күтіп ұстау актісіне де басылған. Алайда 2024 жылы бұл жоба сотта қаралған кезде, "ДОРТРАНС"-тың тек авторлық қадағалау жүргізгені белгілі болды. Ал "ҚазАвтоЖолда" компанияның аталған учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын атқарғаны туралы мәлімет болмаған.
Оқыңыз“Қысқасы, осындай қызық фирма миллиардтаған теңгелік тендерді жеңіп алған. Ал "ҚазАвтоЖол" комиссиясы ешқандай күмәнді нәрсе байқамаған. Осы жайттардан соң, екі ай өткесін белгілі болғандай, компанияның жағдайы бұрынғыдай керемет емес. "ҚазАвтоЖол" өткізген тағы бір конкурс бойынша – Алматы, Абай және Жетісу облыстарындағы жолдарды жөндеуге қатысты “ДОРТРАНС"-тың өтінімі жалған ақпарат ұсынғаны үшін кері қайтарылған. Тапсырыс беруші Текелі қаласының әкімдігіне ресми сұрау жолдаған. Бірақ ол жақта неге екені белгісіз, компанияның 30 көшені жөндеу тәжірибесін растамаған. Соның салдарынан фирма конкурсқа қатыстырылмаған”, – делінген жазбада.
Алайда бұл компания тағы бір лотта жеңімпаз атанып, кейін "ҚазАвтоЖол" бұл компаниямен жасалған келісімшартты бұзған. Себебі нақты айтылмай, тек біржақты тәртіпте бұзылғаны жазылған.
"Туысқандарым теріс айналды": 22 жасында христиан дінін қабылдаған қазақ қызы өміріндегі өзгерістер туралы айтты