Қазақстандық оқушы жасанды интеллект көмегімен қатерлі ісікті ерте анықтау жолын тапты

Қазақстандық мектеп оқушысы АҚШ-та өткен Regeneron ISEF 2026 жаһандық ғылым және инженерия жәрмеңкесінде жасанды интеллект арқылы қатерлі ісікті анықтау жобасы үшін халықаралық марапаттар мен Сауд Арабиясында оқуға стипендия алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жас зерттеушілер үшін ең беделді байқаулардың бірі – Regeneron ISEF 2026 жаһандық ғылым және инженерия жәрмеңкесі АҚШ-тың Феникс қаласында аяқталды. Биыл 60-тан астам елден шамамен 1700 мектеп оқушысы қатысты.
Қазақстанды бес зерттеу жобасымен жеті оқушы таныстырды. Байқаудан кейін Тараз зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Арнұр Артықбай жасанды интеллект арқылы қатерлі ісіктерді анықтау жобасы үшін арнайы марапаттарға ие болды.
ОқыңызОқушы машиналық оқытуға негізделген қатерлі ісікті автоматты түрде анықтау жүйесін жасады. Жоба онкологиялық ауруларды ертерек және дәлірек диагностикалауға бағытталған.
Арнұр Артықбай өз жұмысы үшін MAWHIBA қорынан 400 доллар сыйақы, сондай-ақ Сауд Арабиясындағы Король Фахд атындағы мұнай және минералдар университетінің білім беру грантын алды.
Regeneron ISEF орта мектеп ғылымы мен инженерлік жобаларына арналған әлемдегі ең ірі платформалардың бірі болып саналады. Байқауды халықаралық ұйымдар мен ірі технологиялық компаниялар қолдайды. Қазақстан 1999 жылдан бері ұлттық серіктес ретінде қатысып келеді.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды