Қазақстандық мұғалімдер енді кешкі алтыдан кейін ата-аналардың хабарламасына жауап бермейді
Енді мұғалімдер кешкі 6-дан кейін ата-аналардың хабарламасына жауап бермейді. Оқу-ағарту министрі ұстаздардың жеке уақытына құрметпен қарауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Енді жаңа талап енгізіп, жұмыстан тыс уақытта педагогтарды артық мазалауға тыйым салынбақ.
“Біздің ұстанымымыз нақты: ата-аналар чаттарында сағат 18:00-ге дейін сұрақтар қоюға болады деп есептейміз. Ал 18:00-ден кейін әр мұғалімнің жеке өмірі бар және оны құрметтеу қажет. Биыл "Педагог мәртебесі туралы" заңға өзгерістер енгізілді. Онда мұғалімнің сабақ уақытындағы және сабақтан тыс уақыттағы міндеттері, сондай-ақ мектептегі және оқу процесіндегі жауапкершілігі нақты көрсетілді”, – деді оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.
Алайда бұл мәселе әлі заңмен реттелген жоқ. Оқу ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл "педагог мәртебесі туралы" заңға өзгерістер енгізіліп, ұстаздардың міндеттері нақтыланған. Ал, кешкі алтыдан кейінгі уақытта қоңырау шалу немесе хабарлама жазу бойынша педагогтер ата-аналармен бірлесіп, ортақ шешім шығаруы ықтимал.
Жаңашылдыққа қатысты тұрғындардың пікірі екіге жарылды. Көбі оқу бағдарламасы қиын, кейде мұғалімге еріксіз хабарласуға тура келеді деп отыр.
"Оңай" картасының ресейлік "Золотая корона" жүйесімен қандай байланысы бар: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
