Қазақстанда зейнетақы жинақтарының артық бөлігін пайдалану бойынша жаңа ережелер күшіне енді

17 сәуірден бастап зейнетақы ақшасымен ипотеканың тек негізгі бөлігі ғана өтеледі. Бұрынғыдай ай сайынғы төлемді толық жабу мүмкіндігі жойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отбасы банктің мәліметіне сенсек, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану ережелеріне түзетулер енгізілді.
Өзгерістер екінші деңгейлі банктердегі ипотекалық қарызды толық немесе ішінара өтеу мақсаттарына қатысты. Бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жаңа түзетулер ипотеканы өтеу мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретінін мәлімдеген.
Негізгі өзгерістер:
- 2026 жылғы 17 сәуірден бастап зейнетақы жинақтарының артық бөлігі тек негізгі қарызды (основной долг) өтеуге жұмсалады.
- Сыйақы (проценттер) және басқа төлемдер енді қарыз алушының өз қаражаты есебінен төленуге тиіс.
- Бұрынғыдай ай сайынғы төлемді толықтай зейнетақы ақшасымен жабу мүмкіндігі жойылды.
Жаңа төлем тәртібінде азамат, әуелі, қарыз алушы өз қаражатынан:
- сыйақыны
- ай сайынғы төлемге кіретін өзге де төлемдерді төлейді
Содан кейін ғана зейнетақы жинақтары негізгі қарызды өтеуге бағытталады. Бұдан бөлек, енді enpf-otbasy.kz платформасында өтінім беру кезінде негізгі қарыз қалдығы көрсетілген жаңа үлгідегі анықтаманы тіркеу міндетті. Отбасы банк екінші деңгейлі банктерге клиенттерге дәл осы форматтағы анықтаманы беру қажеттігі туралы хабарлама жолдаған.
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін 1 шілдеден бастап Қазақстанда ипотека рәсімдеу қиындайтыны туралы жазған едік. Енді банктер қарыз алушыларды қатаңырақ бағалай бастайды, сонымен қатар мөлшерлемелер мен төлем қабілетін есептеу тәсілі күшейтіледі. Тағы бір маңызды өзгеріс – банктер зейнетақы аударымдары арқылы расталған ресми табыстарды ғана есепке алады. Сонымен қатар енді табысты растаусыз немесе қосымша кепілсіз ипотека берілмейді.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен