Қазақстанда полиция департаменттері мен бас прокуратура оқ-дәрі сатып алуға миллиондаған теңге қаржы жұмсаған

Қазақстанда полиция департаменттері мен бас прокуратура оқ-дәрі сатып алу үшін миллиондаған теңге қаржы жұмсаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Павлодар облысының полиция департаменті ерекше тәртіппен 200 млн теңге көлемінде мемлекеттік сатып алулар өткізді. Сатып алу нысаны — оқ-дәрілер.
Ал Түркістан облысының полиция депратменті атыс қаруына арналған оқ-дәрілерді жеткізуге 109,6 млн теңге бөлген.
Бұл тізімге күтпеген жерден Бас прокуратура, дәлірек айтқанда қарамағындағы басқарма да енген. Бас прокуратура тапаншаға арналған оқтарды сатып алмақ, сома 43 миллион теңгеден асады.
Айта кетейік, мұндай сатып алу конкурстарын “жабық” деп атауға болады, өйткені тек не сатып алынатыны және қандай қаражат қарастырылғаны туралы ақпарат қана қолжетімді. Тауарлардың саны белгісіз. Cонымен қатар сатып алулардың қорытындылары да құпия.
Еске салсақ, бұған дейін ішкі істер вице-министрі полицияға әрқайсысы 60 миллион теңге тұратын элиталық жол талғамайтын көліктер не үшін қажет екенін айтып берген еді.
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты