Депозиттерге 5 пайыздық салық енгізіледі деген қауесетке Ұлттық экономика министрлігі жауап берді
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың банктегі депозиттерінен түсетін пайыздық табысқа 5% салық салынатыны туралы ақпарат тарады. Ұлттық экономика министрлігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомство Қазақстанда жеке тұлғалардың банктегі салымдарынан алатын сыйақысына салық салынбайтынын түсіндірді.
Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері бойынша төленетін сыйақы жеке табыс салығынан босатылған.
Сондай-ақ Үкімет бұл талапты өзгертіп, депозиттен түсетін табысқа салық енгізуді жоспарлап отырған жоқ.
Яғни Банкте депозиті бар қазақстандықтар үшін ештеңе өзгермейді: салым бойынша есептелетін пайыздан 5% салық ұсталмайды.
Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сенбеуге және ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.
Жатақхананы аңдып, студент қыздарды зорлаған: ҚазҰУ-ды дүр сілкіндірген маньяк қалай ұсталды
Қылмыскер барлық қызды бірдей әдіспен өлтіріп, денелерін жатақхана маңына көмген
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
