Қазақстанда әсері күшті дәрілер заңсыз сатылып келген: Полиция 500 мыңнан аса дәрінің айналымын тоқтатты

Қазақстанда 500 мыңнан астам заңсыз айналымда болған дәрі тәркіленіп, әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша қылмыстық істер қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Ел аймақтарында жүргізілген тексер кезінде ірі заңбұзушылықтарды әшкереледі.
“Әсері күшті дәрілердің заңсыз сатылуына қатысты 16 қылмыстық іс қозғалды. Ал дәріхана қызметкерлеріне байланысты тағы 13 іс тіркелді. Мыңнан астам медицина мекемесі мен 300 кәсіпорын тексеріліп, нәтижесінде 209 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар 500 мыңнан астам дәрі мен 1,5 мың тонна прекурсордың күмәнді айналымы шектелді. Жауапкершіліктен ешкім тыс қалмады. 73 кәсіпорын басшысы жауапқа тартылып, 136 медицина қызметкеріне қатысты материалдар жиналды”, – делінген хабарламада.
-
Алматыда Louis Vuitton мен Nesquik белгісіндегі көшірме тауарлар сатылып келген
- Қостанайда азаматтарды 123 миллион теңгеге алдаған кәсіпкер түрме жазасынан құтылып кетті
Ведомство сонымен қатар аймақтардағы заң бұзушылықты да атап көрсетті. Оның ішінде:
- Алматыда рецептісіз дәрі сатқан төрт дәріхананың фармацевттеріне қатысты қылмыстық істер қозғалған.
- Ақтөбеде ірі фармацевтикалық мекеме тексеріліп, нәтижесінде 400 мың дәрі тәркіленді.
- Түркістан облысында 100 тонна күкірт қышқылы ешқандай күзетсіз тасымалданғаны анықталған.
- Ал Абай облысында 680 тонна прекурсорды тасымалдау кезінде өрескел заңбұзушылықтарға жол берілген.