Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасының көшбасшылары Қосшыдағы бірегей комьюнити-орталықта қонақта болды

Қазақстан құрамасының көшбасшылары Қосшыдағы бірегей комьюнити-орталықта қонақта болды

Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі

Канада құрамасына қарсы өтетін Billie Jean King Cup турнирінің маңызды іріктеу матчтары қарсаңында Қазақстан құрамасының көшбасшылары – Анна Данилина мен Соня Жиенбаева Қосшы қаласындағы көпфункционалды комьюнити-орталықта қонақта болды. Ұлттық құрама ойыншылары үшін бұл сапар тығыз жаттығу кестесінен бір сәт тынығып, өңірдегі бірегей әлеуметтік жобаның жұмысымен танысуға жақсы мүмкіндік берді.

Бұл орталық – еліміздегі ашық кеңістік форматындағы алғашқы жобалардың бірі. Мұнда білім, спорт және шығармашылық бағыттары бір жерге шоғырланған: кітапхана мен коворкингтен бастап, робототехника, музыка және қолөнер студияларына дейін тұрақты жұмыс істеп тұр. Сапар барысында теннисшілер орталықтың мүмкіндіктерін жоғары бағалап, теннис секциясының тәрбиеленушілерімен бірге жаттығу жасады.

Қазақстан құрамасының көшбасшылары Қосшыдағы бірегей комьюнити-орталықта қонақта болды

"Болат Өтемұратов қорының бастамасымен салынған бұл орталық өте сапалы. Мұндай форматты мен тіпті шетелде де сирек кездестірдім. Орталық заманауи әрі жайлы, мұнда балалардың дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Спорт пен өнердің қатар ұштасуы – керемет шешім. Осындай орталықтар бүкіл еліміз бойынша көптеп ашылса екен деймін", – деп Анна Данилина орталықтың деңгейіне қатысты пікір білдірді. 

Қазіргі таңда орталықта балалар үшін шахмат, хореография, робототехника және қолөнер сияқты үйірмелердің кең таңдауы ұсынылған. Ал ересектер үшін жұмыс істеуге және демалуға арналған жайлы орта қалыптасқан. Орталыққа кіру тегін, ал секцияларға қатысу бағасы қолжетімді.

Қазақстан құрамасының көшбасшылары Қосшыдағы бірегей комьюнити-орталықта қонақта болды

Болат Өтемұратов қоры жүзеге асырған бұл жоба қала инфракұрылымын дамытуға қосылған үлкен үлес болды. Құрылыстың жалпы құны 20 миллион долларды құрады, кейін нысан қала теңгеріміне қайтарымсыз негізде берілді. Мұндай халықаралық үлгідегі ашық кеңістік форматы тек білім беруді ғана емес, жергілікті тұрғындардың арасындағы әлеуметтік байланысты нығайтуды көздейді.

Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!

Lexus. Experience Amazing 

Әр сағат сайын A’SU ішіңіз

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 18:18