Qazaq Air ұшқыштары компания басшылығынан жалақыларын көтеруді талап етті

Qazaq Air әуе компаниясының ұшқыштары компания басшылығына үндеу жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көлік министрлігінің мәліметінше, ұшқыштар басшылыққа бірнеше талап қойып, өтініш жолдаған.
Талаптардың ішінде: түнгі рейстер үшін төлем тәртібін қайта қарау, командирлер мен екінші ұшқыштардың жалақысын арттыру, сондай-ақ әуеде өткізілген сағаттарға төленетін ақы мөлшерін көбейту бар.
Көлік министрлігі Qazaq Air басшылығынан ұшқыштардың өтінішін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарауды талап етті.
Еске салсақ, бұған дейін, Қостанай - Астана бағытындағы Qazaq Air ұшағы техникалық ақауға байланысты Қостанай әуежайына қайта оралғаны туралы жазған едік. Ұшақ көтерілмек болған сәтте дөңгелектен ұшқын шығып, өртене бастаған. Көлік министрлігі аталған дерек бойынша тергеу бастады.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"