Qazaq Air ұшағында болған жағдайға қатысты тергеу басталды

Қостанай - Астана бағытындағы Qazaq Air ұшағында болған жағдайға қатысты арнайы комиссия құрылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы көлік министрлігі мәлімдеді.
"Қостанай-Астана бағыты бойынша Qazaq Air әуе компаниясының рейсінде болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру үшін саладағы ережелерге сәйкес арнайы комиссия құрылады. Бұл жұмысты министрліктің көліктегі оқиғаларды тергеу департаменті жүргізеді", – делінген министрлік хабарламасында. .
Еске салсақ, бұған дейін, Қостанай - Астана бағытындағы Qazaq Air ұшағы техникалық ақауға байланысты Қостанай әуежайына қайта оралғаны туралы жазған едік. Ұшақ көтерілмек болған сәтте дөңгелектен ұшқын шығып, өртене бастаған.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық