Ондаған ғылыми жаңалық болып, қатысушылар саны рекорд орнатқан: Мерейтойлық PRO.NRG FEST 2026 қалай өтті

11 сәуірде Астанада PRO.NRG FEST 2026 бесінші отбасылық ғылыми-көпшілік фестивалі болып өтті. Биыл іс-шара қатысушылардың рекордтық санын яғни 10 мыңнан астам адамды – мектеп оқушыларын, педагогтерді, ата-аналарды, ғалымдарды, сондай-ақ бизнес пен коммерциялық емес сектордың өкілдерін жинады. Фестивальді ұйымдастырушылар Caravan of Knowledge корпоративтік қоры мен "Шеврон" компаниясы болды.
Мерейтойлық іс-шара екі маңызды күннің – Ғылым күні мен Космонавтика күні қарсаңында өтті. Фестивальдің негізгі тақырыбы су болды, ал Flow of Science ("Ғылым ағыны") тұжырымдамасы ғылымды, технологиялар мен өнерді қазіргі заманның басты сын-тегеуріндерінің бірі – су ресурстарын сақтау төңірегінде біріктірді.
"PRO.NRG FEST – бұл жай ғана фестиваль емес, бұл білім қозғалысқа айналатын кеңістік. Осы жылғы тақырыптың негізінде ағын идеясы жатыр: су сияқты білім тоқтамауға тиіс – ол идеядан экспериментке, эксперименттен өмірдегі шынайы өзгерістерге өтуге тиіс. "Шеврон" компаниясымен серіктестікте біз бала – зерттеушіге, мұғалім – жаңа практикалардың иегеріне, ал ата-ана білім, ғылым, бизнес және қоғам біртұтас экожүйеге бірігетін болашаққа бірлесіп қатысушыға айналатын ортаны құрамыз. Біз үшін ғылымның сынып шегінен тыс шығып, өмірдің бір бөлігіне айналуы маңызды, өйткені елді өзгерте алатын ойлау мәдениеті дәл осылай қалыптасады", – деді Caravan of Knowledge қорының құрылтайшысы Зарина Биюмбаева.

"PRO.NRG FEST – бұл ғылымды сезінуге болатын, жаңа идеялар мен көзқарастар пайда болатын кеңістік. Бүгінде біз қарқынды – технологиялық, экологиялық және әлеуметтік өзгерістер әлемінде өмір сүріп жатырмыз. Мұндай жағдайда әуесқойлық біз келесі ұрпақта дамыта алатын ең құнды дағдылардың біріне айналады. Ол оқуға қызығушылық артып, сұрақтар көтермеленетін және қателер процестің табиғи бір бөлігі ретінде қабылданатын жерде пайда болады. PRO.NRG FEST тәжірибе, өзара іс-қимыл жасау және жаңалықтармен оқыту секілді философияны ұстанады. Мектеп оқушыларына зерттеуден және үйреншікті нәрселерге күмәнмен қараудан қорықпауды тілегім келеді. Ал педагогтерге, серіктестер мен фестивальдің ұйымдастырушыларына білім шынайы өмірде сұраныс табатын ортаны құрғаны үшін шынайы алғыс білдіремін. Сіздердің жұмыстарыңыз – бұл емтиханға дайындық қана емес, сонымен қатар, өмірге де дайындық екенін есімізге салады", – деді "Шеврон Еуразия" президенті Дерек Магнесс.
PRO.NRG FEST негізгі акценттерінің бірі өскелең ұрпақтың ғылыми ойлауы мен экологиялық мәдениетін дамыту болып қала бермек. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов атап өткендей: "Мемлекет басшысы алдымызға озық ойлы ұлт қалыптастыру міндетін қойды. Осыған байланысты, мектеп оқушыларын ғылымға тартып, олардың ізденіс дағдыларын дамыту және білім беру бастамаларын қолдау ерекше маңызға ие. Балаларда табиғатқа ұқыпты қарайтын көзқарасты қалыптастыру да білім беру жүйесі басымдықтарының бірі. PRO.NRG FEST сияқты жобалар білімді практикамен ұштастыруға көмектесіп, мектеп оқушыларының ғылымға деген қызығушылығы мен қоршаған орта үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыра отырып, маңызды рөл атқарады".
PRO.NRG FEST 2026 бағдарламасы ғылыми квесттерді, интерактивті digital-аймақтарды қоса алғанда, 40-тан астам сөз сөйлеу мен 35 интерактивті форматты қамтыды және дәстүр бойынша әрқайсысы ғылым мен білім берудегі жеке бағытты ашқан бірнеше секцияға (ағынға) бөлінді.

PRO.NRG ғылыми фестивалі халықаралық мәртебеге ие және жыл сайын шетелдік қонақтарды таңдалған тақырып бойынша спикерлер мен сарапшылар ретінде шақырады. Биыл Фин су форумы жобасының жетекшісі доктор Арво Нерман және National Geographic зерттеушісі әрі фотографы, World Press Photo Awards 2023 сыйлығының лауреаты Ануш Бабаджанян фестивальдің арнайы қонақтары болды.
Биыл PRO.NRG FEST көрермендерге көптеген интерактивті шоулар мен демонстрацияларды ұсынды.
Мерейтойлық PRO.NRG FEST 2026 еліміздің жетекші білім беру платформасы деген мәртебесін тағы бір рет растады. Бесінші фестиваль аралық қорытынды шығарудың маңызды кезеңі ғана емес, сонымен қатар, одан әрі даму үшін бастапқы нүктеге айналды. PRO.NRG орнықты болашақты құру үшін ғылымды, білім мен қоғамды біріктіре отырып, алға қарай қозғалысын жалғастыруда.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты